Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Esnews.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды.

Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясын жаңғырту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға үлесін қосатынына сенім білдірді.

«Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы тәжірибеңіз партия үшін өте қажет, өйткені әлеуметтік мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының жұмысында басты артықшылықтардың бірі болып табылады. Сіздің келуіңізбен біздің қызметіміздің әлеуметтік бағыты күшейеді деген үміттеміз», — деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Читайте так же