Қайғылы оқиға Тараздағы тұрғын үй алабында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық ТЖД хабарлағандай, 12 ақпан күні сағат күндізгі 4-те облыс орталығындағы 8 шағын ауданда бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында тұратын 76 жастағы қарт пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Ол ғимараттың бірінші қабатындағы сұлулық салонының шатырына түсіп, аман қалған.

«Ол түрлі жарақатпен Тараз қаласындағы ауруханаға жеткізілді, — деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Жамбыл облыстық ТЖД басшысының орынбасары Талғат Сабыров.

Оның терезеден қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте так же